12 летний Абхиманью Мишра самый молодой гроссмейстер
12 летний Абхиманью Мишра стал самым молодым гроссмейстером в истории шахмат.
Гельфанд снова первый на фестивале в Леоне
Израильский гроссмейстер второй раз победил на фестивале в испанском Леоне.
Аронян выиграл Goldmoney Asian Rapid
В последний игровой день, Левон Аронян довольно быстро выиграл финал Goldmoney Asian Rapid. Потребовались всего две ...
В финале турнира GoldMoney сразятся Аронян и Артемьев
Армянский гроссмейстер Левон Аронян и россиянин Владислав Арьтемьев встретятся в финале турнира GoldMoney
Каспаров справляет день рождения, пресс-конференция Дворковича
День рождения Каспарова, интервью Дворковича, «Uide Bol Cup» 2020.
В предпоследнюю неделю уходящего года в Москве проходил очередной турнир поколений «Щелкунчик».
Приближается чемпионат в Саудовской Аравии
С 26 по 30 декабря в столице Саудовской Аравии Эр-Рияде пройдет чемпионат мира по рапиду и блицу.
Уже ставший знаменитым турнир пройдет в российской столице с 19 февраля (день приезда) по 2 марта (день отъезда).
Кубок мира стартует в Тбилиси.
128 гроссмейстеров разыграют две путевки в турнир претендентов.
Құрметті шахмат ойынының жанкүйерлері!
Еліміздегі шахматты қазақ тілінде оқытуды және интернеттегі қазақ тілді контенттің дамуына үлесімді қоссам деген ниетпен, 2018 жылдың 3 қаңтары күні youtube.com сайтында «Қазақша ШахМат сабақтары» атты арна ашқан болатынмын. Арнаның негізгі мақсаттары:
Қазіргі таңда 70 – ге жуық бейне түсіріліп, көрермендер тарапынан қызығушылық бар екені байқалады.
Менің аты-жөнім Меңғали Олжас – шахматтан спорт шеберіне үміткер, республикалық деңгейдегі төреші және ұлттық арбитр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті құрамында Универсиада жеңімпазы, 4-жыл көлемінде команда капитаны және Алматы қ. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдері арасында чемпионы атандым. 2002 жылдан бері шахмат саласында кәсіби бапкер болып еңбек етемін.
Жұмысты бастар алдында, шахмат ойынында қолданылатын терминдердің жиынтығы жоқ екеніне көзім жетті. 2017 ж. 13 шілде күні «Ана тілі» газетінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, терминология бөлімінің ғылыми қызметкері, Н.Шүленбаевтың «Салалық терминдерді аудару мен біріздендіру» атты мақаласында «Шахмат тастарының (фигураларының) біразын бұрыннан қазақша атап жүргеніміз белгілі. Енді шахмат тастары атауларының король – хан, конь – ат, ферзь – уәзір, слон – піл нұсқаларымен қатар, пешка – сарбаз, ладья – кеме нұсқаларын да атауды жөн көрдік» деп айтылады. Сол мақаланың негізінде төменде көрсетілген кестені сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Шахмат тастарының (фигураларының) атаулары |
|
Қазақша атауы |
Орысша атауы |
Хан |
Король |
Уәзір |
Ферзь |
Кеме |
Ладья |
Піл |
Слон |
Ат |
Конь |
Сарбаз |
Пешка |
Жоғарыда көрсетілген кестедегі атаулар аздық етеді, себебі бұл ойында терминдер өте көп. Соларды қазақ тілінің мамандары мен кәсіби шахматшылармен бірге рет-ретімен аударып, терминдердің жиынтығын дайындау қажет. Қазіргі таңда шахмат ойыны қазақ елінде қарқынды дамуына байланысты, бұл мәселені қолға алу негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
2007 жылдан бастап Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Айша Зәкірова, Амина Қайырбекова, Әсел Серікбай, Меруерт Қамалиденовалар әлемдік жарыстарда топ жарып, қазақ елінің байрағын желбіретіп жүр. Әйел азаматтары қазақ тарихында болмаған жетістіктерге жетіп, қазақ халқының алғырлығын бүкіл әлемге паш етуде. Бір күні біздің жігіттердің де биік белестерді бағындырып, жарқырайтынына сенімдімін.
Жазылыңыздар, көріңіздер. Бәрі де сіздер үшін!
Оставить комментарий